
2026 жылғы 10 шілдеде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру аясында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, FSM Social ақпараттық жүйесіндегі жұмыс, сигналдарды жолдау тәртібі, әлеуметтік бейімдеудің жеке жоспарларын әзірлеу және сүйемелдеу, сондай-ақ азаматтарды кешенді қолдау тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға «Саран қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, еңбек ұтқырлығы орталығы, прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Саран қаласы полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1257044?lang=ru

Жауап қалдыру