
Петропавл қаласының орталық алаңында И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «БиблиоПикник» зияткерлік-ойын бағдарламасы өтті. Іс-шара интерактивті оқу маусымының ашылуына арналып, кітап сүйер қауым мен отбасылардың басын қосты.
Қатысушылар үшін әдеби едендік пазлдар, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған «Мемо» ойыны, «Әдеби болжамдар» алаңы, балалар әдебиеті мен қазақстандық жазушыларға арналған танымдық викториналар, сондай-ақ кітап алмасуға мүмкіндік беретін буккроссинг аймағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, отбасылық демалыс мәдениетін дамыту және тұрғындардың зияткерлік әрі шығармашылық қарым-қатынасына қолайлы орта қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1257644?lang=ru

Жауап қалдыру