
Елордада 47 жастағы ер адам бір күн ішінде қоғамдық орындардағы агрессивті әрекеттеріне байланысты азаматтардың полицияға үш рет шағымдануына себеп болды.
Алғашқы оқиға қалалық автобуста орын алған. Мас күйінде болған ер адам балағат сөздер айтып, жолаушы әйелмен жанжал шығарған. Әйел полицияға жүгінді.
Автобустан түскеннен кейін ол аялдамада тағы бір әйелмен сөзге келіп, оған да әдепсіз сөздер айтқан.
Кейінірек ер адам велосипедшімен жанжалдасып, оның велосипедін лақтырып жіберген. Осы оқиғадан кейін велосипедші де полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Оған қатысты екі рет ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық таныту және айналадағы адамдарға құрметсіздік көрсету қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және әдеп нормаларын ұстану – әр азаматтың міндеті. Кез келген құқыққа қайшы әрекет дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғалар заң алдында жауапқа тартылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1256135?lang=ru

Жауап қалдыру