Департамент басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінде балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуымен танысты.
«Ақтерек» сауықтыру лагерінде қазіргі уақытта 80 бала тынығуда, жалпы жазғы маусымда 452 бала демалады деп жоспарлануда.
Балалардың демалысын жан-жақты тиімді ұйымдастыру үшін лагерь педагогтермен, суда жүзу, дене тәрбиесі, музыкалық жетекшілермен қамтылған.
Сауықтыру лагерінде балалардың денсаулығын бақылайтын медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Іссапар барысында Департамент басшысы Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасымен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, бірқатар ұсыныстар берді.
Жауап қалдыру