2026 жылғы 7 шілдеде Департамент «Семей медицина университеті» КЕАҚ алаңында медициналық және фармацевтикалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Департамент қызметі мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша аралас форматта кеңес өткізді.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
🔸2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары
🔸тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері
🔸рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды бөлшектеп сату кезіндегі талаптардың сақталуы
🔸дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау
🔸тиісті фармацевтикалық практикалар (GxP) стандарттарын енгізу.

Баяндамамен фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Ж.М. Құлыштаева, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы В.С. Нұрғалиева, фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас мамандары А.Б. Молдабаева мен К.Д. Дәулетова шықты.
Кеңес соңында қатысушыларға қаралған мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1256199?lang=ru

Жауап қалдыру