
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.Осылайша, 2026 жылғы 10 шілдеде медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Аймурзинова, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ж.А. Макишева, №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.К. Ахмадиева, медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Д.Ж. Қасимова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша күндізгі және сырттай проактивті куәландыруға негізсіз әрі сапасыз жолдау мәселелері бойынша онлайн форматта кеңес өткізді.Кеңес барысында негізсіз және сапасыз жолдау жағдайларына талдау жүргізіліп, олардың себептері айқындалып, оларды жою жөніндегі шаралар қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1256651?lang=ru

Жауап қалдыру