
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан Ерланұлының төрағалығымен Департаментке қарасты қала және аудандық полиция бөліністері басшыларының, сондай-ақ жеке құрамның қатысуымен тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық құрылымдардың 2026 жылдың алғашқы 6 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңесте жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өндіру, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептері мен оларға ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, Ішкі істер министрлігі айқындаған басым бағыттар бойынша жұмысты күшейту міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1255782?lang=ru

Жауап қалдыру