Депутаттар жылыту маусымына дайындалып жатқан нысандардың жұмысымен танысты (09.07.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық мәслихат депутаттары алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысу мақсатында ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарында болды.

Қазіргі уақытта жылу көздерінде негізгі жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жылу және электр желілері қайта жаңғыртылып, инфрақұрылым жаңартылуда.

Бүгінде Астананың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін бес негізгі жылу көзі қамтамасыз етеді. Олардың қуаты қаланың қажеттілігін толық өтеп, қосымша резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Отын қоры жасақталып, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандарды дайындау жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1257464?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді