
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова «№55 Самал бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның жұмыскерлерімен кездесіп, жұмыс орнында еңбек заңнамасын сақтау, еңбек заңнамасының талаптарын бұзбау, еңбек мәдениетін арттыру мәселелерін қозғады.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалары бар жұмыскерлерге оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен еңбек шарты жасалу мүмкіндігін түсіндірді. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс екендігін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1255615?lang=ru

Жауап қалдыру