Гепатит А ауруының алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Гепатит А – бауырды зақымдайтын жұқпалы вирустық ауру. Аурудың негізгі таралу жолы – лас қол, сапасыз су және ластанған тағам арқылы.

Ауру белгілері: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәбеттің жоғалуы, тері мен көздің сарғаюы.

Алдын алу шаралары:
1. Жеке гигиенаны сақтаңыз: қолыңызды тамақ алдында және дәретханадан кейін сабындап жуыңыз.
2. Таза ауыз су пайдаланыңыз. Қайнатылмаған суды ішпеңіз.
3. Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуыңыз.
4. Тамақты толық пісіріп жеңіз.
5. Қоғамдық орындарда және асханада тазалыққа мән беріңіз.
6. Гепатит А-ға қарсы вакцина егу – ең тиімді қорғаныс.

Белгілер байқалса, өз бетіңізше ем қолданбай, дәрігерге жүгініңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1255757?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді