ІІМ интернет-есірткі дүкенінің “қоймасын” әшкереледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізудің және өткізудің арналарын анықтау мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

– “Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің “қоймасы” қызметін атқарған.

Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер – α-PVP мен мефедрон тәркіленді.

Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы – алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1256306?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді