
2026 жылғы 14 шілдеде Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Карибаев Асқар Тоқпанов ауылында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Қабылдау барысында көтерілген сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың көтерген мәселелері мәслихат төрағасының бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ile/press/news/details/1257792?lang=kk

Жауап қалдыру