«Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операцияларды жасау мәселелері» тақырыбындағы брифинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.

     Брифинг барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операцияларды және оларды жасау тәртібін регламенттейтін 184-бабының ережелері жеткізілді.

     Іс-шара барысында кедендік декларацияны кері қайтарып алудың негіздері мен шарттары, кеден органына жүгіну тәртібі, сондай-ақ кедендік операцияларды жасау кезінде Кодекс ережелерін қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.

     Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, Кодекс ережелерін қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1255875?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді