КӨПБІРЛІКТЕГІ ҚОС ҚУАНЫШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округіне қарасты Көпбірлік ауылы өзінің 95 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Берекесі мен бірлігі жарасқан округтің айтулы мерекесі ел есінде қалар жарқын сәттерге толы болды.

Дүбірлі той ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған ат бәйгесімен басталып, жиналған көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлауда.

Мерекелік шара аясында Мәдениет үйінде ауылдың өткені мен бүгінін қамтыған арнайы деректі фильм көрсетіліп, келген қонақтар Көпбірліктің тарихымен танысқанын айта кетуіміз керек.

Салтанатты жиында аудан және қала әкімдері ардагер балықшыларды, сондай-ақ ауылдық округтің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттап, ақсақалдарға шапан жапты.

Сондай-ақ, ат терлетіп келген қонақтарға арнайы дастарқан жайылып, ас берілді. Ақжарма тілектер айтылды. Ал өңір өнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концертте әсем ән мен күмбірлеген күй орындалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Айта кету керек, мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне ауыл азаматтары ұйытқы болды. Атына заты сай бірлігін танытып, ортақ іске жұмыла кіріскен жігіттерге алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1257802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді