Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге Батыс Қазақстан облысының аумағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобаларды аралады.
Жұмыс сапары барысында олар жобалардың іске асырылу барысымен танысып, туындаған өзекті мәселелерді талқылады.
Нысандарды уақтылы пайдалануға беру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, құрылыс алаңында «Орал Сити» ЖШС инвесторына салынып жатқан қонақүй кешенін қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға қажетті техникалық шарттарды алуға жәрдем көрсетілді.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретіні атап өтілді. Бірлескен жұмыс өңірде ашық әрі қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.
Осындай көшпелі іс-шараларды өткізу туындайтын мәселелерді дер кезінде анықтап, жедел шешуге, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1257309?lang=ru

Жауап қалдыру