Маңғыстауда электрлі самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрлі самокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электрлі самокат жүргізушілеріне мына әрекеттерге тыйым салынады:

  1. Рульді кемінде бір қолмен ұстамай жүру;
  2. Жолаушыларды тасымалдау;
  3. Ұзындығы немесе ені бойынша көлік құралының габаритінен 50 см-ден артық шығып тұратын жүкті тасымалдау;
  4. Трамвай жолы бар және бір бағытта екі немесе одан да көп жолағы бар жолдарда солға бұрылу және кері бұрылу;
  5. Электрлі самокатты буксирлеу немесе басқа көлік құралдарын самокатпен сүйреу;
  6. Самокаттан түспей, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жүру бөлігін кесіп өту;
  7. Тәуліктің қараңғы уақытында жол бөлігінде жарық қайтарғыш элементтерсіз жүру;
  8. Жол бөлігінде қорғаныш дулығасынсыз қозғалу.

Сонымен қатар, электрлі самокат жүргізушілері басымдықпен велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен жүруге міндетті.

Жаңа талаптарды түсіндіру мақсатында кикшеринг компанияларының қатысуымен тұрғындарға ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Электрлі самокатты пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтап, өз қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз.

фото:total.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255983?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді