
Мақаншы ауданында еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті
Жұмыс кездесуіне мемлекеттік органдардың өкілдері, прокуратура қызметкерлері, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдарының және сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Е. С. Ниятқабылов еңбек заңнамасын сақтау, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) тіркеу, балалар еңбегін пайдалануға және еңбек құлдығына жол бермеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелерін түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің қойған сұрақтарына жан-жақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1256077?lang=ru

Жауап қалдыру