
2026 жылғы 10 шілдеде Ұлытау облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында жекеменшік денсаулық сақтау субъектілерімен кеңес өткізді.
Кездесудің мақсаты – 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін біліктілік талаптарына енгізілген толықтырулармен таныстыру, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін түсіндіру болды.
Ұлытау облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Бекзатова медициналық қызметті лицензиялау тәртібіне енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ол медициналық цифрлық жүйелерді енгізу медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Жаңа талаптарға сәйкес, медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) болуы медициналық лицензияны алғаш рет алатын немесе лицензиясына медициналық қызметтің жаңа түрлерін қосатын ұйымдар үшін міндетті болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-ulytau/press/news/details/1257323?lang=ru

Жауап қалдыру