МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОТАРИАТ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1256151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді