Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп талаптарын сақтау және лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараны Әдеп жөніндегі уәкіл, департамент басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу және заңсыз қосымша ақылы қызметпен айналысуға тыйым салу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтау бойынша жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1256576?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді