
📢 Мемлекеттік қызметшілерге арналған профилактикалық кездесу өтті 2026 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді. Кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Сапар Саматов Саматұлы қатысып, мемлекеттік қызметшілерге деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және мұндай ағымдардың қызметіне тартылудың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында: ✅ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты заңнамада белгіленген шектеулер; ✅ алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде қоғамдық орындарда болуға және көлік құралын басқаруға жол бермеу; ✅ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланудың алдын алу; ✅ әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Осындай профилактикалық жұмыстар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, Әдеп кодексі талаптарын сақтауға және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1256087?lang=ru

Жауап қалдыру