
Бүгінде мемлекеттік рәміздердің мәртебесі мен қолданылуыКонституциямен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңымен, Үкімет деңгейіндегі бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалған.
Бүгінде патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатындаМәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраның мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы
№ 873 қаулысына өзгерістер енгізді.
Енгізілген негізгі өзгерістер?
Бірінші, «Мемлекеттік Гимн» сөзі «МемлекеттікӘнұран» сөзіне ауыстырылды. Енді Мемлекеттік Әнұран болып жазылады және айтылады.
Екінші,Мемлекеттік Тудыжеке және заңды тұлғалардың ғимараттарда оның ішінде балкондарда (45 градус бұрышпен)орналастыруға мүмкін.
Анықтама ретінде: 2020 жылы балконға ілуге рұқсат берілді, алайда қалай орналастыруға болатыны нақты жазылмаған болатын.
Үшінші,Мемлекеттік Туын пайдалануға мынадай шарттармен жол беріледі:
1)жеке тұрғын үйлерде 3 метрден кем болмайтын биіктікте орналастыру, бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру міндетті емес.
Ғимараттың сәулеттік немесе техникалық шектеулеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың оны іргелес аумақта орнасқан жеке тұғырға (флагштокқа) орнатуына (орналастыруына) болады;
2) жерге, еденге, су бетіне және өзге де беттерге тиіп тұрмауы;
3) тігінен орналастыру, бұл ретте ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде тұруға тиіс;
4) жеке және заңды тұлғалар өткізетін мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шаралар барысында коммерциялық мақсатты көздемеу;
5) зақымдану, тозу, жамау, тесілу, кірлеу, түсінің оңып кетуі, қыртыстану белгілерінің не оның асқақтығы мен символдық мәнін түсіретін өзге де кемшіліктің болмауы;
6) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары салондарының ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып пайдалану.
Қасақана бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатына сай емес пайдалануға, сондай-ақ оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен маңызын төмендететін өзге де әрекет жасауға жол берілмейді.
Төртінші,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жарнамалық мақсаттарда, сондай-ақ киім-кешек заттары, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабын ретінде пайдалануға болмайды.
Анықтама ретінде: Мемлекеттік Тудың бейнесінкейбір кәсіпкерлер жеке нышаны ретінде қолдану орын алуда. Мысалы, шәйдың қорабына, спирттік ішімдіктердің сыртына, шапандарға, жылқыға жабатын жабындарға, суға түсетін купальниктерге, бет орамалдарға, әжетханғы төселетін ковриктерге және т.б. бейнеленген соларға енді ресми тыйым салынады.
Бесінші,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі спорттық киім мен спортшылардың киім-кешегінде пайдалануға болады.
Бұрын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңымен және Үкімет қаулысымен тек қанаМемлекеттік Елтаңбаның бейнесі ғана спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарында пайдаланылуы мүмкін болды.
Ал, енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесін де спорттық киім мен спортшылардың киім-кешегінде пайдалануға рұқсат етілді.
Анықтама ретінде: спорттық киімдерге не жатады: футболка, спорттық костюм, бейсболка, кепка және т.б.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-mihailov/press/news/details/1255836?lang=ru

Жауап қалдыру