Меркі ауданында әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркi аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбектің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті жолдаған мәліметтер негізінде жұмыскерлерге міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын қамтамасыз ету және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Комиссия отырысына аталған мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Әділет Ажиров қатысып, еңбек заңнамасының талаптары мен міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1255433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді