
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті РММ Арқалық қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімшесі филиалының басшысы Бердикулов Абзал Абдибекович «USM Estimation» ЖШС бағалаушыларымен бірлесіп, «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің мүлкін бағалау жұмыстарын жүргізу мақсатында көшпелі іс-шара өткізді.
🔹 Іс-шара барысында бағалауға жататын мүлік объектілеріне тексеру жүргізіліп, фотофиксация жасалды. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес атқарушылық құжаттардың талаптарын уақтылы әрі толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1257828?lang=ru

Жауап қалдыру