
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында полиция лейтенанты Анар Темірқызы Бахытбекова музей қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың салдары, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық көмек алу жолдары мен сенім телефондары туралы ақпарат берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1256984?lang=ru

Жауап қалдыру