Павлодар облысының жас құтқарушылары республикалық слет кезеңінің жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Павлодар облысының жас құтқарушылар командасы Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Жас құтқарушы» республикалық слетінде өңір намысын абыроймен қорғады.

          Еліміздің барлық өңірлерінен келген 19 команда үздік атану үшін жеті сайыс кезеңінде білімдерін, төзімділіктерін, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.

          Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы «Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары» (жауынгерлік қанат жаю) кезеңінде II орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен командалық үйлесімділігін дәлелдеді.

          Жас құтқарушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат жаңа жетістіктерге жетелеп, жарқын жеңістер мен биік белестерді бағындыруға шабыт берсін!

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1255948?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді