Полицейлер түнде тұрғын үйлерге тас лақтырған жасөспірімдерді анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полицейлер түнгі уақытта Талапкер ауылындағы тұрғын үйлерге тас лақтырған кәмелетке толмағандардың жеке басын жедел анықтады. Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде сағат 23:00 шамасында Талапкер ауылының №18 учаскелік полиция инспекторы полиция аға учаскелік инспекторы полиция майоры Абылайхан Кикимов елді мекен тұрғындарының чатынан белгісіз адамдар тобы тұрғын үйлердің терезелеріне тас лақтырып жатқаны туралы ақпарат алды.
Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция лейтенанты Н.М.Сұлтанахметпен бірге дереу аулаларды аралау ұйымдастырылып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер оқиғаға қатысы бар төрт кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады.
Жасөспірімдер заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жазғы демалыс кезінде ата-аналар балалардың мінез-құлқы мен бос уақытын ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың орналасқан жерін, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауға ерекше назар аударуы керек екенін еске салады. Ересектердің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1257404?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді