Прокуратураның жәрдемдесуімен №50 мекемеде жаңа өндірістік нысан ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ІІМ ҚАЖК №50 мекемесінде жалпы ауданы 1 200 шаршы метрді құрайтын жаңа өндірістік нысан пайдалануға берілді.

Нысанның салтанатты ашылу рәсімі Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Е.Е. Дүйсекеновтің және «SMBGROUP Family» ЖШС-нің бас директоры Г.А. Баймұрзинаның қатысуымен өтті.

Жоба прокуратура органдарының үйлестіруі және «SMBGROUP Family» ЖШС инвесторының қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылды.

Өндірістік нысанды пайдалануға беру қосымша 60 сотталған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Еңбекпен қамту жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта әлеуметтендірудің негізгі бағыттарының бірі. Ресми түрде жұмысқа орналасу сотталғандарға қылмыспен келтірілген залалды өтеуге, сот үкімімен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға, кәсіби дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ заңда көзделген негіздер болған жағдайда көтермелеу шараларын, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға үміткер болуға мүмкіндік береді.

Өндірістік нысанның ашылуы прокуратура органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және бизнес өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Қазіргі уақытта облыс мекемелеріндегі еңбекке қабілетті 1 254 сотталғанның 1 110 жұмыспен қамтылған, бұл 75%-ды құрайды.

Прокуратура органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне инвесторларды тарту, өндірістік қуаттарды кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.

Осындай жобаларды іске асыру сотталғандарды еңбекпен қамту деңгейін арттыруға, олардың әлеуметтік бейімделуіне, қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайта жасау қаупін төмендетуге және Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1257620?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді