
Кездесуге «Сәтбаев қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Р.Атибеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында тұрғындар апатты тұрғын үйдің техникалық жай-күйіне байланысты өзекті мәселелерді көтерді. Олардың айтуынша, ғимаратта қабырғалардың жарылуы, құрылыс конструкцияларының шөгуі, инженерлік желілердің тозуы байқалады. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызып отыр. Сонымен қатар тұрғындар мәселені шешу жөніндегі іс-шаралардың нақты мерзімдерін айқындап, оларды іске асыруды жеделдетуді сұрады. Аталған тұрғын үй 2022 жылы апаттық деп танылған. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан тұрғындарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Сәтбаев қаласында тұрғын үй қорын жаңғырту (реновация) бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында апаттық тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен бұзу және азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту көзделген. Бүгінде Ұлытау облысының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама бекітілгеннен кейін Сәтбаев қаласында оны практикалық іске асыру басталып, тұрғын үй иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаты тұрғындар көтерген мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, оларды заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ аталған мәселелердің орындалу барысы тұрақты депутаттық бақылауда болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1256313?lang=ru

Жауап қалдыру