
Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спортшыларды дәстүрлі түрде біріктіретін бұл ауқымды республикалық жарыс Түркістанда өтті. Қарағанды өңірінің өкілдері кір спортынан «қола», қазақ күресінен екі «алтын» мен үш «қола» медаль жеңіп алып, командалық жарыстарда үшінші орынды иеленді, тоғызқұмалақтан қыздар арасында екінші орынды, баскетболдан күміс жүлдені жеңіп алды. Нүркен Нұратов спортшылар мен олардың тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, биыл қарағандылықтардың халық ойындарындағы нәтижесінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бұл кездесуде, «Байқымыз-Қарқаралы» этно фестивалін жоғары деңгейде өткізуге белсене қатысқаны үшін Нұржан Шайхин, Жәнібек Әлиақпар, Айзада Орынбай және Бауыржан Дулатов облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1255681?lang=ru

Жауап қалдыру