Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері жария талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 маусымда Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

Ішкі талдау 2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында жұмыс тобы тарапынан жүргізілді.

Талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізілімі әзірленді.

Жария талқылау барысында жүргізілген жұмыстың нәтижелері қаралып, талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдар тұрақты комиссия тарапынан қолдау тапты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/press/news/details/1255706?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді