
Жазғы демалыс маусымына орай «Қауіпсіз демалыс» атты қауіпсіздік ережелеріне арналған акция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындар мен жасөспірімдерге су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Акция барысында қатысушыларға тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылу, белгіленбеген жерлерге түспеу, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау, мас күйінде суға түспеу, сондай-ақ төтенше жағдайда 112 қызметіне хабарласу қажеттігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың адам өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызы зор екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1257085?lang=ru

Жауап қалдыру