Қауіпті дрифт пен жол-көлік оқиғасына себеп болатын жағдай: жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтап келеді. Қауіпті көлік жүргізудің бірде-бір фактісі назардан тыс қалмайды. Елді мекендерде әдейі дрифт жасау, белгіленген жылдамдықты асыру, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне айрықша қатер төндіреді.

– Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері BMW F10 автокөлігінің жүргізушісі тарапынан Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактілерін анықтады. Машһүр Жүсіп пен Ломов көшелерінің қиылысында жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзып, жол бойында қауіпті әрекеттерге барған. Кейін Н. Назарбаев пен Толстой көшелерінің қиылысында дәл осы жүргізуші авариялық жағдай туғызып, басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдығы мен қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етті. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, жол берген құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары дрифт жасауға немесе қауіпті әрекеттер көрсетуге арналған орын емес екенін еске салады. Агрессивті көлік жүргізу заң талаптарын бұзып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті әрі жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1256281?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді