
«Жемшөп жинау орнында өрт қауіпсіздігі» акциясы аясында Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғын үйлерде және автокөліктерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрттің алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
Профилактикалық жұмыстардың мақсаты – өрттердің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1257051?lang=ru

Жауап қалдыру