
9 шілдеде орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан Байғанин ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Қазіргі уақытта апат салдарын жою жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жағдай облыс әкімінің тікелей қадағалауында.
Қазіргі сәтте атқарылған жұмыстар:
• Ұялы байланыс толықтай қалпына келтірілді.
• Орталықтандырылған ауыз су беру толық іске қосылды.
• Электр желілерінің 80 пайызы қалыпқа келтірілді («Энергосистема» мекемесі жұмыс істеуде).
• Аудан бойынша арнайы Call-орталық қызмет көрсетуде.
+7 771 843 9150
+7 778 280 4883
• Зардап шеккен отбасылар үшін арнайы комиссияның 5 тобы жұмыс жасауда.
Маңызды: Табиғи апаттан зардап шеккен ешбір отбасы көмексіз қалмайды! Мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі.
Баршаңызды сабыр сақтауға шақырамыз. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1256553?lang=ru

Жауап қалдыру