ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлаушылар тізімдері жергілікті атқарушы органдар тарапынан азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуі негізінде жасалатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Уақытша тіркеуі бар азаматтар жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш берген жағдайда, тұрақты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығарылып, уақытша тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын азаматтар дауыс беру күніне 30 күннен кешіктірмей (2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей) орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш беруі қажет.

Сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді Зеренді ауданы әкімдігінің Call-орталығына +7 (71632) 22-443, +7 (71632) 22-461 нөмірі арқылы хабарласып тексере аласыз.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1257685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді