
Электрсамокаттарды пайдалану кезінде жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаңыз! 2026 жылғы 1 шілдеден бастап кикшеринг қызметіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Негізгі талаптар: 🔹 Жалға берілетін электрсамокаттар тіркеу нөмірімен жабдықталып, міндетті сақтандырумен қамтылуы тиіс. 🔹 Веложолақ болған жағдайда тек сол жолақпен қозғалыңыз. Веложолақ болмаған кезде жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етіледі. 🔹 Тротуарда қозғалу жылдамдығы сағатына 6 км-ден аспауы тиіс. ❗ 2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне толық тыйым салынады. 🔹 Жол жиегімен тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш шлемін киген азаматтарға ғана жүруге рұқсат етіледі. 🚫 Электрсамокатпен: * жолаушы тасымалдауға; * жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен өтіп кетуге; * қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерсіз жүруге тыйым салынады. 👮🏻♂️ Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – өз қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1256320?lang=ru

Жауап қалдыру