
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» тәсілдері аясында жүзеге асырылатын бұл жоба білім алушылардың, педагогтердің және бүкіл мектеп қауымдастығының денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасауға бағытталған.
Жобаның негізгі бағыттары:
✓ Денсаулық мәселелерін білім беру процесіне кіріктіру – білім алушылардың бойында салауатты өмір салты, аурулардың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
✓ Қолайлы мектеп ортасын құру – қауіпсіз білім алу жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру процесіне қатысушылардың физикалық, әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын қолдау.
✓ Отбасы, мектеп және қоғамның өзара іс-қимылы – балалардың өмір сүру жағдайлары мен денсаулығын жақсарту үшін мектеп қауымдастығының барлық қатысушыларының күш-жігерін біріктіру.
«Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1256583?lang=ru

Жауап қалдыру