Салауатты өмір салты мен аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 07 шілде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды көлік оқу орталығының» курсанттарына арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеу мәселелері түсіндіріліп, Қарағанды өңіріндегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, ересектер арасында адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу шаралары талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар, лифлеттер мен буклеттер таратылды. Мамандар барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1255405?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді