Самар ауданының спортшысы XXIV ШҚО халықтық спорт ойындарының жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қатонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысының XXIV халықтық спорт ойындары жалғасуда. Дүбірлі додаға облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысуда. Жарыс бағдарламасына көкпар, аударыспақ (74, 80 және 87 келі салмақ дәрежелері), жамбы ату және теңге ілу спорт түрлері енгізілген.

Жарыстың алғашқы күні Самар ауданының спортшысы Қалымбек Нұрасыл жамбы ату сайысында үздік өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.

XXIV халықтық спорт ойындарында Самар ауданының намысын көкпар командасы да қорғауда. Аталған ауқымды жарыстар ұлттық спорт түрлерін дамытуға, мәдени мұраны дәріптеуге, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты бәсекелестік рухын нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1255410?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді