Сарыарқа run: 1800-ға жуық елордалық жүгіріске қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана күніне орай ұйымдастырылған Saryarqa RUN бұқаралық жүгіру жарысына 1800-ға жуық елордалық қатысты.

Спорттық шара Есіл өзенінің жағалауында өтіп, қатысушылар 4 және 7 шақырымдық екі қашықтық бойынша бақ сынады. Жүгіру салауатты өмір салтын насихаттап, тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталды.

Жарыс соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталып, тіркеу нөмірлері бойынша бағалы сыйлықтар ұтысқа ойнатылды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың берік кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1255763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді