
Қарағанды облысының Саяқ кентінде көшелерді жарықтандыру және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Биыл кент көшелеріне 100 жаңа жарық шамы орнатылып, 40 кронштейн ауыстырылды. Сонымен қатар көше жарығы жүйесі жаңғыртылып, қоғамдық орындар көркейтілуде, тұрғын үйлер мен мәдениет нысандары жөнделіп, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым дамытылуда.

Кент әкімі Нариман Құдайберлиннің айтуынша, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Өткен жылы Саяқта инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылды. Қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді. Көше жарығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасып, көгалдандыру қолға алынды. Сондай-ақ мәдениет нысандары жаңартылып, бейнебақылау камералары орнатылды.
Ғарышкерлер көшесінде жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынса, Кеншілер көшесіндегі алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру аясында кент аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, ағаштарды бұталау және жасарту жұмыстары атқарылды.
Тұрғын үй қорын жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлінді. Жібек жолы көшесіндегі үш көпқабатты тұрғын үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жөндеу жұмыстарынан кейін «Горняк» мәдениет үйінің фойесі, дәлізі және би залы толық жаңартылып, келбеті жаңаша сипат алды.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Саяқ кентінде бейнебақылау камералары орнатылды.
Кентте абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1256050?lang=ru

Жауап қалдыру