Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі, қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртемеу, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша кең көлемді профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар азаматтарға қауіпсіздік шаралары көрсетілген жадынамалар таратылды.
Жауап қалдыру