«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» КӨРЕРМЕНГЕ ҰМЫТЫЛМАС ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Шымкент қаласында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Музыкалық кеш «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің (Этноауыл) ашық аспан астындағы сахнасында өтіп, өнерсүйер қауымның басын қосты.

Концерт барысында қаланың талантты әншілері мен өнерпаздары халық әндерін, заманауи эстрадалық туындыларды орындады. Әрбір өнер көрсетілімі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер сыйлады.

«Шымқала кештері» шығармашылық жобасы тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, ұлттық өнерді дәріптеуге және қаладағы мәдени өмірді жандандыруға бағытталған. Кеш соңында көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, өнер иелеріне зор қошемет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1257097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді