
Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл, кент округ әкімдері, бөлім мекеме басшылары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы жүргізді. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
- 2025 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы.
- «Созақ ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №238 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
- Шолаққорған ауылдық округі әкімінің есебі.
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Созақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» №50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Созақ ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» №51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» №95 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депуттары тарапынан сауалдар жолданып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1255959?lang=ru

Жауап қалдыру