Су шаруашылығы – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті жауапты еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, су бұру жүйелерінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуде. Бұл мереке – сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, кәсібилігі мен жауапкершілігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Халық игілігі жолындағы елеулі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз. Мереке құтты болсын!
Жауап қалдыру