
Су шаруашылығы саласы – халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына қызмет ететін маңызды салалардың бірі. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, су шаруашылығы инфрақұрылымы дамып, су ресурстары ұтымды пайдаланылып келеді.
Жоғары кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз қаланың өркендеуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол ырыс-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер және бақ-береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/1255812?lang=ru

Жауап қалдыру