
Судья мамандығына жетудің екі тәуелсіз әдісі сақталған. Біріншісі-сот төрелігі Академиясында оқу, екіншісі-заң қоғамдастығының тәжірибелі өкілдері үшін жалпы біліктілік емтиханынан өту.
“Жоғары Сот Кеңесі алғаш рет заң қоғамдастығының өкілдері үшін ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жыл басынан бері адвокаттардың, нотариустардың, заң кеңесшілерінің және басқа да заңгерлердің қатысуымен 45 семинар өткізілді. Оларға 14 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде судья мамандығына деген қызығушылық артып келеді, судьялыққа үміткерлер саны үнемі өсіп келеді”, – деді спикер.
Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осы мақсатта үміткерлерді бағалау критерийлерін жетілдіруді, балдық бағалау жүйесін кеңінен қолдануды, сот төрелігін іске асыру сапасы көрсеткіштерінің, білім беру және ғылыми жетістіктердің, кәсіби беделдің және өзге де объективті критерийлердің басымдылығын көздейтін қолданыстағы регламентте өзгерістер әзірленді.
Сондай-ақ соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің қызметін жетілдіруге бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді. Бірыңғай бағалау критерийлерін енгізу, қорытындылардың бірыңғай нысаны
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1256542?lang=ru

Жауап қалдыру