
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар аясында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылармен ашық пікір алмасу өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтар, комплаенс қызметінің тиімділігі, жобалау-сметалық құжаттамаларға жүргізілетін мониторинг және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Тахмина Тәліпжан Қадыржанқызы аталған бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынға Департамент басшысының орынбасары Мұрат Мұхаметрахимов Алыбекұлы және мекеме қызметкерлері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1256375?lang=ru

Жауап қалдыру