
Zооm-конференциясы арқылы бөлім, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі бейтарап орындау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық таныту, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосу қажеттігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1256721?lang=ru

Жауап қалдыру